Главная » 2026 » Март » 19 » Жаңару күні
11:21
 Жаңару күні


Көктемнің шуақты мерекесі – Жаңару күні табиғаттың қайта түлеп, тіршіліктің жаңаратын ерекше сәтін білдіреді. Бұл күн – тазалықтың, үміттің, жақсылыққа бастар жаңа қадамдардың символы. Адамдар да табиғатпен бірге жаңарып, айналасына мейірім мен жылулық сыйлауға ұмтылады.

Осы игі дәстүрді жалғастыра отырып, кітапхана ұжымы гүлдің сан алуан түрін егіп, айналамызды көркейтуге өз үлесін қосты. Бұл тек ауламызды сәндеу ғана емес, болашаққа деген сенім мен табиғатқа деген қамқорлықтың белгісі.

Жаңару күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке қуаныш әкелсін!


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях