
Науырзым ауылдық кітапханасында 2-ші облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауында 10-14 жас аралығында үшінші орын алған Науырзым жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сәлемгерейқызы Жансаямен «Зейінді, Жансая» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап арқылы ой-өрісті дамыту, рухани байлықты молайту. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы байқау туралы кеңінен ақпарат таратып, көпшіліктің пікірін білу көзделді.
Кездесуге ауыл әкімі, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар және оқырмандар қатысты. Шара барысында Жансая кітапқа деген қызығушылығының қалай пайда болғанын әңгімелеп, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен оның рухани құндылық екенін атап өтті. Мұғалімдер болса, Жансаяның белсенділігі мен үлгілі оқушы ретіндегі жетістіктерін ерекше атап айтты.
Кеш соңында Жансая мен байқауға қатысқан өзге де оқырмандарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
В Наурзумской сельской библиотеке прошла вечер встреча «Зейінді, Жансая» с ученицей 9 класса Наурзумской общеобразовательной школы Салемгерей Жансая, занявшей 3-е место во 2-м областном онлайн-конкурсе чтения книг «ОқыЖәнеЖең» в возрастной категории 10-14 лет.
Главная цель мероприятия – укрепить любовь к книгам, пробудить интерес к чтению, развить мышление через литературу, приумножить духовное богатство. Кроме того, организаторы стремились распространить информацию о конкурсе через социальные сети и узнать мнение общественности.
На встрече присутствовали аким села, работники культуры, учителя и читатели. Жансая поделилась историей о том, как зародилась её любовь к книгам, и подчеркнула, что книги – важная часть жизни, источник духовного богатства. Учителя отметили её активное участие в различных мероприятиях и успехи в учебе.
В завершение вечера Жансае и другим участникам конкурса вручили памятные подарки и благодарственные грамоты.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|