
Науырзым ауылдық кітапханасында Науырзым ауданының 60 жылдық мерейтойына орай Науырзым орта мектебінің 5-сынып оқушыларымен бірге «Өз өлкеңді сүй, өз тарихыңды құрметте» атты әдеби-өлкетану кеші өтті.
Шара барысында ауданның тарихи оқиғалары мен жетістіктері кеңінен баяндалды.
Науырзым – сөзбен жеткізуге келмейтін сұлу табиғаты, құсқа толы көркем көлдері, жайқалып өскен егін алқаптары бар ерекше өлке. Іс-шараға ауылымыздың гүлденуіне өз үлесін қосқан, бүгінде зейнет демалысында жүрген Садықов Жаңбырбай, Ерманов Жұмабай және Какимжанов Бейбіт арнайы шақырылып, туған жер мен Отан жайлы ойларымен бөлісті.
Мақсаты: туған ел мен жердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өлкенің ардақты азаматтарының өмір жолын үлгі ете отырып, оқырмандарды өз елін, жерін қорғауға, оны сүйетін және болашағын ойлай білетін ұлтжанды, толыққанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Менің туып-өскен жерім» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға туған өлке туралы құнды әдебиеттер таныстырылды.
Наурзумская сельская библиотека провела литературно-краеведческий вечер с учащимися 5-го класса Наурзумской средней школы «Өз өлкеңді сүй, өз тарихыңды құрметте», посвящённый 60-летию Наурзумского района. В ходе мероприятия были освещены исторические события и достижения района.
Наурзум — это край с неописуемо прекрасной природой, озёрами, полными птиц, и богатыми полями. В мероприятии приняли участие уважаемые жители села, внёсшие значительный вклад в его развитие, а ныне находящиеся на заслуженном отдыхе: Садыков Жанбирбай, Ерманов Жумабай и Какимжанов Бейбит. Они поделились своими размышлениями о Родине и родной земле в формате небольшой беседы.
Цель мероприятия: объяснить учащимся значение родного края и его роли в жизни каждого человека. Через примеры выдающихся личностей района мероприятие стремилось воспитать патриотизм, любовь к своей земле и ответственность за её будущее.
В рамках мероприятия была проведена презентация книжной выставки «Моя родная земля», где участники могли познакомиться с литературой о родном крае.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|