Главная » 2025 » Январь » 10 » «Қыстың көркін ашайық» шеберлік сағаты
10:24
 «Қыстың көркін ашайық» шеберлік сағаты


Дәмді ауылдық кітапханасында қысқы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында «Қыстың көркін ашайық» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Бұл іс-шара кіші буын оқырмандарын біріктіріп, олардың белсенділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеру мен балалардың қысқы мезгілдің сұлулығын сезінуіне мүмкіндік беру – шараның басты ерекшелігі болды.
Шеберлік сағаты барысында балалар қыс айының ерекше көріністерін өз қолдарымен жасап, шығармашылық өнерге қадамдарын нығайтты. Қолөнер арқылы олар өздерінің ой-қиялдарын іске асырып, ерекше қуаныш пен шабытқа бөленді. Әсіресе, балалардың сүйікті мезгілі саналатын қыстың ғажайып көріністерін бейнелеу арқылы олардың кітапханаға деген қызығушылығы арта түсті.
Мақсаты – қысқы демалысты мазмұнды әрі қызықты етіп өткізе отырып, балаларды кітапханаға тарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық дамуына үлес қосу.

В Дамдинской сельской библиотеке в рамках зимних каникул был организован мастер-класс под названием «Қыстың көркін ашайық». Это мероприятие собрало юных читателей, способствуя развитию их активности и творческих способностей. Основной задачей мастер-класса стало поддержание новогоднего настроения и возможность для детей прочувствовать всю прелесть зимнего времени.
В ходе мастер-класса дети собственными руками создавали зимние образы, раскрывая свой творческий потенциал. Через увлекательные занятия декоративно-прикладным искусством они получили массу вдохновения и радости. Особое внимание уделялось тому, чтобы показать детям, насколько интересным может быть зимний период, отражая его волшебство в своих поделках.
Главная цель этого мероприятия – сделать зимние каникулы насыщенными и интересными, а также привлечь детей в библиотеку, эффективно организовав их досуг.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях