
Науырзым ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай «Тіл – халық қазынасы» атты танымдық сағат өткізді.
Ана тілі – атаңның тілі, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Тіл – ұлттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы.
Іс-шараның мақсаты – өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, оның әсемдігін сезіну, сөз құдіретін түсіну және тілдің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Сонымен қатар, жас ұрпақты әдеп-ғұрпымызды сақтауға, мемлекеттік тілді қастерлеуге және басқа да ұлттардың тілін құрметтеуге тәрбиелеу көзделді.
Кітапханада ұйымдастырылған танымдық сағат барысында қатысушылар ана тілінің ұлт мәдениетіндегі орны, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтағы рөлі туралы ой бөлісті. Іс-шара оқырмандардың қызығушылығын оятып, тілге деген сүйіспеншілікті арттырды.
Наурзумская сельская библиотека в честь праздника языков народов Республики Казахстан провела познавательный час на тему «Тіл – халық қазынасы».
Родной язык – это язык наших отцов и матерей, язык нашего народа. Язык – это душа нации, её драгоценное сокровище.
Цель мероприятия – воспитать у участников чувство уважения к родному языку, помочь осознать его ценность, почувствовать его красоту, понять силу слова и его значение в жизни человека. Кроме того, задача познавательного часа – формировать у молодого поколения бережное отношение к национальным традициям, любовь к государственному языку, а также уважение к языкам других народов.
Во время мероприятия участники обсуждали роль родного языка в культуре народа и его значение для преемственности поколений. Познавательный час вызвал интерес у присутствующих и способствовал укреплению любви к родному слову.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|