
Валюта күніне орай Раздольный ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен «Теңге – тәуелсіздік айшығы» атты танымдық іскерлік ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық валютамыздың тарихы, маңызы туралы түсінік беру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеті мен қаржылық сауаттылығын дамыту.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға Теңгенің енгізілу тарихы, алғашқы банкноттар, ұлттық валютаның ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі жайында қысқаша мәлімет беріп өтті.
Келесі бөлімде оқушылармен сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, балалар «Ұлттық валюта қашан енгізілді?», «Банкноттарда қандай тұлғалар бейнеленген?», «Теңгенің қандай құндары бар?» сияқты қызықты сұрақтарға белсене жауап берді.
Сонымен қатар, оқушылар топқа бөлініп, «Ақшаны дұрыс пайдалану», «Тиыннан теңге құралады» тақырыптарында шағын тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды. Іскерлік ойын барысында балалар бір-бірімен пікір алмасып, қаржылық сауаттылық бойынша пайдалы ақпарат алды.
Іс-шара оқушылардың білімін кеңейтіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайта түсті.
К Дню валюты в Раздольненской сельской библиотеке с учениками начальной школы была проведена обучающая деловая игра «Теңге-тәуелсіздік айшығы». Целью мероприятия было познакомить учащихся с историей и значением нашей национальной валюты, повысить интерес учащихся, развить их мышление и финансовую грамотность.
В ходе мероприятия библиотекарь кратко рассказала учащимся об истории введения тенге, первых банкнотах и роли национальной валюты в становлении независимости страны.
В следующем этапе с учащимися была организована игра-вопрос-ответ, в ходе которой дети активно отвечали на интересные вопросы, такие как: «Когда была введена национальная валюта?», «Какие люди изображены на банкнотах?», «Каков номинал тенге?».
Кроме того, учащиеся разделились на группы и выполнили небольшие задания по темам «Правильное использование денег» и «Тенге формируется из монет», а также поделились своими мыслями. В ходе деловой игры дети обменивались идеями и получали полезную информацию о финансовой грамотности.
Мероприятие не только расширило кругозор учащихся, но и укрепило их уважение к национальным ценностям.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|