Дәмді ауылдық кітапханасына Дәмді жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары мен ұстазы Киікбаева Күлмайра Мадиғалиқызы «Теңге – Қазақстанның ұлттық символы» атты ойын сағатына қонаққа шақырылды.
Ойын сағаты барысында қазақ теңгесінің пайда болу тарихы туралы қысқаша әрі қызықты әңгіме жүргізіліп, ақшаның маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушыларды командаларға бөліп, түрлі номиналдағы теңгелер қарастырылды, олардың дизайны мен ерекшеліктері талқыланды.
Теңге бетінде бейнеленген ұлы тұлғалардың кім екені анықталды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап бөлімі өткізіліп, Қазақстан тарихындағы маңызды жылдарға қатысты даталар талқыланды.
Теңге тарихындағы қызықты деректермен таныстырылды. Оқырмандар назарына арнайы безендірілген тақырыптық кинолента мен буклет ұсынылды. Сондай-ақ, «Тиын теңгені құрайды» атты брошюра кітапшасы да оқырмандарға таныстырылды. Ақшаны ұқыпты әрі қажеттілікке ғана жұмсау тақырыбы да назардан тыс қалмады.
Кітапхана қонақтарына айналымнан шыққан алғашқы қағаз ақшалар мен тиындардың бейнесі көрсетілді.
Мақсаты: Балаларға қазақ теңгесінің тарихы туралы түсінік беру, ойын арқылы қаржылық сауаттылықты дамыту, экономикалық білім деңгейін арттыру және қазақ теңгесінің маңыздылығын түсіндіру.
В Дамдинскую сельскую библиотеку были приглашены учащиеся 4-го класса Дамдинской общеобразовательной школы и их учитель Киикбаева Кульмайра Мадигалиевна на игровой час «Тенге – национальный символ Казахстана».
В ходе занятия в увлекательной форме была рассказана краткая история возникновения казахского тенге и объяснена его значимость.
Участники были разделены на команды, где рассматривались банкноты разных номиналов, обсуждался их дизайн и особенности.
Также была проведена работа по определению великих личностей, изображенных на банкнотах. В рамках мероприятия состоялся блок вопросов и ответов, в котором обсуждались важные даты из истории Казахстана.
Участники познакомились с интересными фактами из истории тенге. Для читателей была представлена тематическая кинолента и буклеты. Кроме того, была презентована брошюра «Монеты создают тенге». Поднималась также тема разумного использования денег, их бережного отношения и траты только на необходимые вещи.
Гостям библиотеки были показаны изображения первых банкнот и монет, которые вышли из оборота.
Цель: Дать детям представление об истории казахского тенге, развить финансовую грамотность через игровые занятия, повысить уровень экономических знаний и объяснить значимость национальной валюты Казахстана.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|