20:40 «Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде» | |
Биыл ұлт тарихының айшықты сәті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесі мен желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы.Тәуелсіздік – азап пен төзімінің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Науырзым селолық кітапханасы «Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде»-еске алу кешін өткізді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жиналды «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған»-деген ұран айтылды.Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқулбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаммеджанқызы тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік құрбан болды. Бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк туымызды желбіретіп әлемге әйгелі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Мақсаты; Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата- бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандармен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға –апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Тәуелсіздік туралы түсіндіру, егеменді еліміздің толағай табыстырын паш ету, ынтымақ пен татулыққа бірлігіміз жарасқан қазақ елі екенімізді мақтана айтуға, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |