«Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты Раздольный ауылдық кітапханасында тарихи кеш ұйымдастырылды. Бұл шараға ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, оқырмандар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен ел тарихындағы маңызды оқиғаларды еске алып, еркіндік жолындағы батырлардың ерліктері туралы кітап көрмесін тамашалады. Кітапханашы арнайы көрме ұйымдастырып, тәуелсіздік тақырыбындағы кітаптар мен материалдарды таныстырды.
Жас оқырмандар тәуелсіздікті бағалауға шақырған көркем шығармаларды оқып, өздерінің еліміздің жарқын болашағына деген сенімдерін білдірді.
Бұл кеш ауыл тұрғындарына ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихты терең түсініп, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын ұғынуға үлкен үлес қосты.
В Раздольненской сельской библиотеке села был организован исторический вечер «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі». На мероприятии присутствовали сотрудники сельской администрации, читатели и жители села.
В ходе мероприятия участники вспоминали достижения Казахстана за годы независимости и другие важные события в истории страны, а также посетили книжную выставку, посвящённую подвигам героев на пути к свободе. Библиотекарь организовала специальную экспозицию, представив книги и материалы на тему независимости.
Юные читатели читали художественные произведения, призывающие ценить независимость, и выразили свою веру в светлое будущее страны.
Этот вечер внес большой вклад в популяризацию национальных ценностей, глубокое понимание истории и осознание важности её передачи из поколения в поколение.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|