
Науырзым ауылдық кітапханасында «Солдат және қаһарман жазушы» - Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ерлік сағаты өтті.
Мақсаты: қазақ халқының аты аңызға айналған даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының қайталанбас өр тұлғасы мен қаһармандық ерлігін, қайсар қолбасшылық қасиеттерін және жазушылық бейнесін жан-жақты ашып көрсету; батырдың ерлік істерін өн бойына сіңіріп, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Бауыржан Момышұлы сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды.
Батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналған шарада оқырмандарға Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, батырлығы туралы мәлімет берілді.
Б. Момышұлының алғашқы кітаптары: «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер». Бауыржан Момышұлы жайында өлеңдер, дастандар, естелік мақалалар, кітаптар да көп. Олардың ішінде Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», ұлы Бақытжан Момышұлының «Жанымның жарық жұлдызы» еңбектері бар.
Шара соңында кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандар тақырып бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді.
В Наурзумской сельской библиотеке состоялся час мужества «Солдат және қаһарман жазушы», посвящённый 115-летию Бауыржана Момышулы.
Цель: всесторонне раскрыть неповторимую личность и героические подвиги прославленного сына казахского народа Бауыржана Момышулы, его волевой характер, командирские качества и писательский талант; воспитать в подрастающем поколении чувство патриотизма, любовь к родине и готовность защищать её, впитывая в себя пример его героизма.
Бауыржан Момышулы участвовал в Великой Отечественной войне с самого начала и до конца. Он прошёл путь от лейтенанта до полковника, командовал взводом, батальоном, полком и дивизией.
На мероприятии, посвящённом героизму и наследию Бауыржана Момышулы, читателям рассказали о его биографии, подвигах и заслугах.
Среди первых книг Б. Момышулы: «История одной ночи», «Наша семья», «За нами Москва», «Встречи на фронте». О Бауыржане Момышулы написано множество стихов, поэм, статей и книг. Среди них произведения Азильхана Нуршаикова «Правда и легенда», снохи Зейнеп Ахметовой «Солнечные дни» и сына Бахытжана Момышулы «Светлая звезда моей души».
В завершение мероприятия была организована книжная выставка, а читатели ответили на викторинные вопросы по теме.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|