
Кітап – заманымыздың айнасы, біздің ең жақын ақылшымыз, досымыз. Біз кітаппен күн сайын жүздесеміз. Кітап – ақылдың кені, ол адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани әлемін оятып, білімді, өнерлі болуға тәрбиелейді, талай ғажайып құпиялардың сырын ашуға көмектеседі.
Науырзым ауылдық кітапханасында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» атты акцияға оқырмандар белсенді түрде қатысты. Ауыл тұрғындары өздерінің сүйікті кітаптарын кітапханаға тарту етіп, игі бастамаға үлес қосты. Акцияға тұрақты оқырман Күйекбаева Айгүл Әлімғазықызы белсене атсалысып, кітапхана қорына 11 кітап сыйлады.
Акцияның басты мақсаты – барша кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақыру, жылылық пен мейірімділік таныту арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Шара кітапхана оқырмандарының белсенді қатысуымен жүзеге асты.
Шарт бойынша, әрбір қатысушы өзі оқыған кітабын жақын досына ұсынды және келесі оқырманнан жаңа кітап сыйға алды. Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты сұрақтар қойылып, кітап туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жасырылады.
Книга – это зеркало нашей эпохи, наш мудрый советчик и верный друг. Мы встречаемся с книгой каждый день. Она – сокровищница разума, расширяющая мировоззрение человека, пробуждающая его духовный мир, воспитывающая в нем стремление к знаниям и искусству, помогая раскрыть тайны множества удивительных явлений.
В Наурзумской сельской библиотеке прошла акция «Шын жүректен кітап сыйла» с активным участием читателей. Жители села преподнесли в дар библиотеке свои любимые книги, поддержав эту благородную инициативу. Постоянная читательница Куйекбаева Айгуль Алимгазиевна, внесшая весомый вклад в акцию, передала библиотеке 11 книг.
Главная цель акции – привлечь всех любителей книг к чтению, выразить тепло и доброту, а также повысить интерес молодого поколения к литературе. Мероприятие прошло при активном участии читателей библиотеки.
По условиям акции каждый участник рекомендовал прочитанную книгу близкому другу и получал новую книгу от следующего читателя. В ходе мероприятия участникам задавали вопросы по казахской литературе и истории, а также предлагали разгадать пословицы и афоризмы о книгах.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|