
«Сайлау – елдің ертеңгі болашағы» тақырыбында жастармен және орта буын өкілдерімен кездесу, сондай-ақ ақпараттық-танымдық көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сайлау үдерісінің маңыздылығын түсіндіру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі, әр азаматтың сайлауға қатысу құқығы мен міндеттері туралы кеңінен мағлұмат берілді.
Жастар мен орта буын өкілдері сайлау арқылы ел тағдырына ықпал ету мүмкіндігі бар екенін түсініп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде қоғамдағы белсенді азаматтық ұстаным, жауапкершілік пен патриоттық сана жайлы маңызды мәселелер қозғалды.
Шара аясында ұйымдастырылған көрмеде сайлау тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық құжаттар, ақпараттық буклеттер мен тақырыптық әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Көрме қатысушылардың қызығушылығын арттырып, саяси сауаттылықты көтеруге ықпал етті.
Кездесу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтіп, қатысушыларға ел болашағына бейжай қарамаудың маңызын ұғындырды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|