Главная » 2026 » Март » 3 » «Сөздің сиқыры – Алтынсарин әлемінде»
13:13
 «Сөздің сиқыры – Алтынсарин әлемінде»


Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Ыбырай Алтынсарин мұрасы арқылы білім мен тәрбиенің маңызын ұғындыру мақсатында , Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына,Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орай Өлеңді ауылдық кітапханасында облыстық «10-аймақ оқиды» акциясы аясында «Сөздің сиқыры – Алтынсарин әлемінде» атты оқу акциясы өтті.Шара қазақтың ұлы ағартушысы, көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын насихаттауға арналды.Кітапханашы қатысушыларға Ыбырайдың өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ даласында алғаш мектеп ашудағы еңбегі туралы мазмұнды мағлұмат берді.Сонымен қатар, оның шығармаларындағы еңбекқорлық, білімге құштарлық, адамгершілік идеялары кеңінен түсіндірілді.Шара барысында оқырмандар пікір алмасып, сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Акция жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосты.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях