Науырзым аудандық кітапханасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жыл толуына орай «Құрманғазы мұрасы ұрпаққа аманат» тақырыбында, дөңгелек үстел өткізілді. Күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлерінде азаттықты аңсап, бостандықты жырлап өткен дара тұлға.
Іс-шараның мақсаты: Күй тартыс туралы мағлұмат беру, күй тартыс түрлерімен таныстыру. Оқушылардың ой - қабілетін, шығармашылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Іс-шарамызға Науырзым елінің тумасы, 1980-1990 жылдары аудандық мәдениет үйінің ұлт аспаптар оркестірінің белсенді мүшесі болған, отбасымен өнерлі азамат Құрманғазы Кенжебайұлы шақырылды. Сонымен қатар балалар шығармашылық үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі, Молдакәрім Төлеби Мұхамбетұлы өзінің бірнеше шәкірттерімен келді. Құрманғазы Сағырбайұлының бірнеше күйлерінің шығу тарихына тоқтап, балларға түсіндіріп берді. Аталмыш іс-шара соңында Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылып шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|