Главная » 2024 » Июнь » 3 » «Құрбандар – ел есінде» ақпараттық кітап көрмесі
10:19
 «Құрбандар – ел есінде» ақпараттық кітап көрмесі


Қазақстанда саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері мамыр айының 31-і күні аталып өтіледі. Осы күнге орай Науырзым ауылдық кітапханада «Құрбандар – ел есінде» ақпараттық кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Жас ұрпақты  өз елінің тарихы мен тарихи тұлғаларын құрметтеуге баулу.
Барысында оқырмандарға қуғын-сүргін құрбандары мен олардың өмірбаяны кеңінен таныстырылды. Тоталитарлық режимде атқарылған әділетсіз істер мен репрессия, республикамыздың аумағында құпия салынған тұтқындар лагері жайлы деректер келтірілді. 
КСРО құрамындағы ұлттық репрессия 1928 жылдан басталып, қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалғаны, оларға «ұлтшыл» деген айып тағылғаны салдарынан Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, А.Розыбақиев, Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, І.Жансүгіров және тағы басқа зиялылардың ату жазасына кесілгені туралы айтылды.
Ресми деректерге сәйкес, еліміз бойынша 103 мыңнан астам адам қуғын сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді.
 
В Наурзумской сельской библиотеке прошла  информационная  книжная выставка «Құрбандар – ел есінде».
Цель: привить молодому поколению уважение к истории и историческим личностям своей страны.
В ходе мероприятия читателям была представлена биография жертв репрессий. Приведены данные о несправедливостях, совершенных в тоталитарном режиме, о лагерях заключенных, построенных в тайне на территории республики. 
Репрессии в национальных республиках в составе СССР начались с 1928 года, когда в казахской стране впервые были арестованы деятели Алаша, им предъявлены обвинения в «национализме», Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, А.Розыбақиев, Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, І.Жансүгіров и другие интеллигенты были приговорены к расстрелу.
По официальным данным, по стране репрессировано более 103 тысяч человек. 
Расстреляно более 25 тысяч человек.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 89 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях