Главная » 2024 » Май » 4 » «Рахимжан Кошкарбаев: история подвига» батылдық сағаты
18:31
 «Рахимжан Кошкарбаев: история подвига» батылдық сағаты


Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күні қарсаңында Докучаев ЖББМ 10 сынып оқушыларымен «Рахимжан Кошкарбаев: история подвига» атты батылдық сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: Отансүйгіштікке, ел үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, нағыз Отан қорғаушы бейнесін қалыптастыру, оқушыларды ел тарихы жайында мағлұматтар беру. 
1945 жылы 30 сәуірде Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың 7 сағат ішінде 360 метрді еңсеріп, Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын бірінші болып көтерген батылдықтары туралы айтылды.
«Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батырлары» атты бейнефильм көрсетіліп, онда Р.Қошқарбаевтың соғыстан кейінгі өмірі жайлы баяндалды.
Кітапханашы Халық қаһарманының өмірі туралы көптеген қызықты ақпараттар келтірді: түрлі фактілер мен оқиғалар. 
Әсіресе, қаншалықты ұзақ уақыт әділдікті дәлелдеуге тура келгені балаларды таң қалдырды. Нәтижесінде, Рахымжан Қошқарбаевқа (қайтыс болғаннан кейін) «Халық Қаһарманы» атағы берілген болатын.
Саят Құланқыпшақтың «Үш жүз метр – жеті сағат!» өлеңі мәнерлеп оқылды. 
Сағат соңында балалар болашақ ұрпақ үшін өзін аямаған ұлы батырға бірауыздан алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, балалар кітапханада бар Рахымжан Қошқарбаев туралы кітаптармен танысып өтті. 

В предверии великого праздника – Дня Победы в Великой Отечественной войне, с учащимися 10 класса Докучаевской ООШ был проведен героический час «Рахимжан Кошкарбаев: история подвига». Цель мероприятия: воспитание чувства патриотизма, гордости за страну, формирование образа истинного защитника Родины, ознакомление учащихся с историей страны, с его героями. Было рассказано о подвиге Рахимжана Кошкарбаева и Григория Булатова 30 апреля 1945 года, где они преодолев 360 метров за 7 часов, первыми водрузили красное знамя победы над рейхстагом. 
Далее был показан видеофильм «Казахстанцы герои Советского Союза», в котором говорилось о Р.Кошкарбаеве, о его подвиге и жизни после войны.
Библиотекарь рассказала много интересного о жизни народного героя: интересные факты и событии. Большое внимание у ребят вызвал рассказ о том, как долго пришлось добиваться справедливости на разных уровнях. В результате Кошкарбаеву Рахимжану (посмертно) была присвоена высшая степень отличия – звание «Халық Қаһарманы».
Так же, было зачитано стихотворение Саята Куланкыпшак «Триста метров – семь часов!». 
В завершении героического часа ребята вместе сказали «СПАСИБО» герою за то, что он не жалея себя воевал за будущее поколение!
Ребята были ознакомлены с книгами о Рахимжане Кошкарбаеве, имеющихся в библиотеке.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 100 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях