16:07 ![]() | |
Науырзым ауылдық кітапханасында «Поэзия пайғамбары» тақырыбында Мұқағали Мақатаевтың поэтиқалық кеші өтті. Мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең, поэмаларымен танысу, оқырмандарға жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру. Адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқырмандарды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті. Шара барысында кітапханашы өмір жолымен таныстырып,шығармашылығына шолу жасалы. Қатысушылар оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Шара соңында ақынның кітаптарымен танысты. Іс-шараға кітапхананын тұрақты оқырмандары қатысты. Наурзумская сельская библиотека провела поэтический вечер на тему «Поэзия пайғамбары» посвященный великому казахскому поэту Мукагали Макатаеву. Во время мероприятия библиотекарь подробно рассказала о жизненном пути и творчества поэта, сделала обзор его поизведений. Участники постоянные читатели библиотеки с особыми чувством и выразительностью читали стихи Мукагали Макатаева. Цель мероприятия: Обзор жизни и творчества Мукагали Макатаева, поэта, оставившего за собой неизгладимый след. Показать значение распространения поэзии М. Макатаева в народе, представить публике произведения и книги поэта ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | |
|
Всего комментариев: 0 | |