20:10 «Пейілі кең, жүрегі дархан- асыл жандар» | |
Бүгін, 1-наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық орталық кітапхана және аудандық мәдениет үйі бірлесе отырып «Пейілі кең, жүрегі дархан- асыл жандар» тақырыбында кездесу өткізді.Биылғы жылы алтыншы рет тойланып отырған бұл мереке 2016 жылы тұңғыш Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып белгіленген болатын. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды | |
|
Всего комментариев: 0 | |