Главная » 2024 » Сентябрь » 9 » «Отбасылық қолшатыр астында» мақал-мәтелдер көрмесі
11:34
 «Отбасылық қолшатыр астында» мақал-мәтелдер көрмесі


Науырзым аудандық балалар кітапханасы аудандық Мәдениет Үйімен бірлесе «Отбасылық қолшатыр астында» атты мақал-мәтелдер көрмесін ұйымдастырды.
Шараға әр түрлі жас санаты оқырмандары қатысты.
Мақсаты — отбасына құрметпен қарауға үйрету, туыстарына және достарына деген сүйіспеншілікті арттыру, балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында кітапханашы «Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі» екенін баяндап, арнайы дайындалған төртбұрышты  түрлі-түсті ұяшықтардан қатысушылардың мақал-мәтелдерді жалғастыруын тапсырды. Оқырмандар мақалдарды ретімен тауып қана қоймай, әр мақалдың мағынасын ашып түсіндіріп бере алды.
Сондай-ақ, Арай Ерсары әр адамның ең басты  құндылығы – отбасы туралы қазақ халқында түрлі әндер мен күйлер бар екенімен таныстырып, отбасы жайлы караоке өлеңдерімен қатысушыларға сергіту сәтін сыйлады. 

Наурзумская районная детская библиотека совместно с районным Домом Культуры организовала выставку пословиц и поговорок «Под семейным зонтиком».
В мероприятии приняли участие читатели разного возраста.
Цель - научить уважительно относиться к семье, привить любовь к родным и друзьям, развить интеллектуальные и творческие способности детей.
В ходе мероприятия библиотекарь объяснила, что «Семья – это очаг любви, уважения и сотрудничества, то есть стержень любого интеллектуального общества», так же поручила участникам продолжить пословицы из специально подготовленных квадратных цветных ячеек. Читатели смогли не только продолжить пословицы по порядку, но и объяснить смысл каждой пословицы.
Кроме того, Арай Ерсары ознакомила присутствующих с самой главной ценностью каждого человека – о семье, о том, что в казахском народе на данную тему есть разные песни и кюи, подарив участникам творческий момент с караоке.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях