10:15 «Отан қорғау- азаматтық парыз» | |
Науырзым аудандық кітапханасы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Отан қорғау –азаматтық парыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіздік пен бейбітшілік – мемлекеттің дамуы мен өрлеудің кілті. Әскер осы екі маңызды фактордың сақталуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру ұлттық әскери мектептер желісімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етумен ерекшеленеді. «Отан қорғау- азаматтық парыз» атты кітап көрмесінде қарулы күштердің жалпы әскери заңнама негіздері, материалдары, жинақтары, әскери-тарихи және патриоттық тақырыптарға қызығушылық танытқандарға арналған материалдар ұсынылған. Көрменің мақсаты: Оқырмандарға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. | |
|
Всего комментариев: 0 | |