Главная » 2024 » Июнь » 10 » «Қостанай облысының киелі жерлеріне саяхат» кітапханалық карта
17:13
 «Қостанай облысының киелі жерлеріне саяхат» кітапханалық карта


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Қостанай облысының киелі жерлеріне саяхат» тақырыбымен кітапханалық карта ұйымдастырылды.
Шара басында кітапханашы кез келген елдің тарихи немесе мифологиялық нүктелері, яғни қасиетті жерлері болатынын түсіндіре келе, киелі мекендер сол аумақта тұратын әрбір адам үшін маңызды болу керек екендігін атап өтті.
Саяхат барысында Қостанай облысының киелі жерлері бейнеленген бейне-көрсетілім ұсынылып, қатысушылар «Екідін ежелгі ауылы» және «Кейкі батыр» кесенесі, «Ыбырай Алтынсарин кесенесі», «Торғай геоглифтары» сынды бай тарихи-мәдени мұралардың тарихымен танысып, толыққанды ақпарат алды.
Сондай-ақ, балалардан «Қандай киелі жерлерге барғың келеді?» деген шағын сауалнама қойылып, қызықты жауаптар алынды. 
Мақсаты – киелі жерлермен таныстыру, насихаттау жəне мол тарих пен құнды деректерге бай мекендердің қадір-қасиетін барынша ашып көрсету.

В Наурзумской районной детской библиотеке была организована библио-карта на тему «Путешествие по сакральным местам Костанайской области».
В начале мероприятия библиотекарь, объяснив, что в любой стране есть исторические или мифологические точки, то есть священные места, отметила, что такие объекты должны быть важны для каждого человека, проживающего на этой территории.
В ходе путешествия был представлен видео-презентация с изображениями сакральных мест Костанайской области, участники ознакомились с историей богатого историко-культурного наследия: мавзолея «Древний ауыл Екидин» и «Кейки батыр», «Мавзолей Ибрая Алтынсарина», «Тургайские геоглифы».
Также, был проведен мини-опрос «Какие святыни вы бы хотели посетить?» и получены интересные ответы. 
Цель - ознакомление с сакральными объектами, пропаганда и максимальное раскрытие достоинства местностей, богатой историей и вековой ценностью.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 26 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях