
Раздольный ауылдық кітапханасында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараға ауыл мектебінің оқушылары, ауыл тұрғындары және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – Наурыз мерекесінің маңыздылығын түсіндіру, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеу және ұрпақ санасына сіңіру болды.
Мерекелік бағдарлама аясында кітапханашы Наурыз мейрамының шығу тарихы, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы айтып берді. Сондай-ақ, мерекеге арнайы әзірленетін ұлттық тағамдар, оның ішінде жеті түрлі өнімнен жасалатын наурыз көженің мән-маңызы түсіндірілді. Балалар көженің құрамын айтып, оның әрбір ингредиентінің символдық мағынасын баяндады.
Іс-шара соңында қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін білдіріп, кітап көрмесімен танысты.
В Раздольнинской сельской библиотеке состоялось праздничное мероприятие «Қош келдің, Әз-Наурыз!». В нем приняли участие учащиеся сельской школы, жители села и читатели библиотеки. Основная цель мероприятия – рассказать о значении праздника Наурыз, популяризировать национальные традиции и привить уважение к культурному наследию казахского народа.
В рамках программы библиотекарь рассказала об истории Наурыза, народных обычаях и традициях, а также о блюдах, специально готовящихся к этому празднику. Дети перечислили ингредиенты наурыз коже, состоящего из семи компонентов, и объяснили их символическое значение.
В завершение мероприятия участники обменялись теплыми пожеланиями и познакомились с книжной выставкой.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|