17:10 | |
|
Қазақ поэзиясының алтын сандығына өшпестей із қалдырған, ақын, Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханасымен мәдениет үйі бірлесіп «Қоңыр жырым бар еді…» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Докучаев жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Лязат Қайырғалиқызы және Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қазбек Абайұлы баяндамаларымен қатысты. Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы мен өнегелі өмір жолы туралы естеліктер айтылып, ұлт руханиятына қосқан үлесі сөз болды. Шара барысында мәдениет қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, оның жүрекке жетер әсерлі өлең жолдарын оқыды. Қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтің қазақ әдебиетіне қосқан үлесін еске алып, оның рухани мұрасының маңызды екенін атап өтті. | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
