Главная » 2026 » Март » 6 » "Науырзым аруы - 2026"
10:38
 "Науырзым аруы - 2026"


Науырзым ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Науырзым Аруы – 2026» байқауы өтті.

Аталған байқау Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ, ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Науырзым аудандық мәдениет үйі және Науырзым аудандық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, қыз-келіншектердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін жетілдіру және қазақ қызының көркем бейнесін дәріптеу.

Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті:
🔹 «Мен – қазақтың қызымын» таныстыру
🔹 «Дәстүрім – алтын қазынам» зеректілік сайысы
🔹 «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі
🔹 «Сұлулық сыры» ұлттық киім дефилесі

Әділ-қазылар алқасының шешімімен номинациялар төмендегідей анықталды:

🏆 Бас жүлде – Исабаева Айгүл Жомартқызы, Мансап орталығы маманы
💫 «Ақылды ару» – Бектемисова Сания Темірхановна, Шолақсай ауылы
💫 «Креативті ару» – Серикбаева Айгерім Темірханқызы, Науырзым аудандық білім беру бөлімі
💫 «Сымбатты ару» – Алтынбек Құндызай Алтынбекқызы, Раздольный ауылы
💫 «Қазақи ару» – Заирова Мадина Сериковна, Мереке ауылы

Байқау қатысушылары өз өнерлерін, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Осындай тағылымды іс-шаралар қазақ қызының сұлулығы мен парасатын, ұлттық құндылықтарға деген құрметін насихаттауға бағытталған. 🌸


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях