09:13 «Наурыз-құт береке» мерекелік таныстырылымы | |
Шолақсай ауылдық кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-құт береке» атты мерекелік таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: кітапхана оқырмандары арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылықты қалыптастыру. Іс-шара барысында қонақтарға қазақтың ұлттық мұрасы мен мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін әдебиеттер мен журналдар қойылған «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» кітап көрмесіне шолу жасалды. «Дәстүрлі Наурыз» викторинасына қатысып, оқырмандар қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін көрсетті. Шара соңы ұлттық тағамдармен жайылған мерекелік дастарханға ұласты.
С целью формирования интереса к традициям и обычаям казахского народа у читателей библиотеки, в Шолаксайской сельской библиотеке к празднованию Наурыз был проведен празднично-познавательный час «Наурыз-кұт береке». Вниманию гостей был проведен обзор по книжной выставке «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!», представляющий литературу и журналы, освещающие особенности казахского национального наследия и культуры. | |
|
Всего комментариев: 0 | |