09:15 «Нашақорлық – ғасыр дерті» | |
Науырзым селолық кітапханасында «Нашақорлық – ғасыр дерті »атты көрмесі ұйымдастырылды.Қөрмеге қоғамды алаңдатқан нашақорлық,оның адам өміріне зияндығы,есірткінің ағзаға кері әсері,зардаптары,оған өарсы күрес шаралары туралы әдебиеттер қойылды.Бұл кітаптар адамның салауатты өмір салтын ұстанып,жақсылыққа бастайтын адами қасиеттердің өркен жаюына септігін тигізеді деген сенімдеміз.Денсаулықтан асқан бақыт та,байлық та жоқ.Ал адамның денінің сау болуы өзіне байланысты.Қоғам дамыған сайын адамның өмір сүру дағдысы ,өмірлік ұстанымдары да өзгеріске ұшырып жатады.Адамның ақыл –есін түбегейлі билеп,шырмауына шырмап алатын нашақорлық дерті.Сондықтан нашақорлықтың алдын алу,дамуына жол бермеу,қоғам болып күресу-аса қажетті.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |