Науырзым аудандық балалар кітапханасында балалардың құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, олардың сақталуын бақылау және өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру мақсатында Докучаев атындағы ЖББМ-нің 10-сынып оқушылары үшін «Менің құқықтарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалардың құқықтары мен міндеттері талқыланды. Кітапханашы «Бала құқықтары туралы Конвенция» жайлы айтып, қатысушыларға: «Баланың қандай құқықтары бар?», «Балалардың міндеттері қандай?», «Баланың құқықтарын кім шектей алады?» сынды сұрақтар қойды.
Шара оқушыларға өз елінің азаматы болудың абыройлы екенін кеңірек түсінуге көмектесті. Бірақ азамат болу үшін не істеу керек? Ол үшін Отаныңды сүю, оның заңдары мен дәстүрлерін құрметтеу, мәдениетін қадірлеу және оның игілігі үшін еңбек ету қажет. Сонымен қатар, оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін жайлы көптеген ақпарат алды.
В Наурзумской районной детской библиотеке с целью формирования представления о правах ребенка, их соблюдении и ответственности за выполнение своих обязанностей для учащихся 10-го класса Докучаевской ООШ была организована книжная выставка «Мои права».
В ходе мероприятия обсуждались права и обязанности детей. Библиотекарь рассказала о «Конвенции о правах ребенка», задала участникам вопросы: «Какие права есть у ребенка?», «Каковы обязанности детей?», «Кто может ограничить права ребенка?».
Мероприятие помогло учащимся осознать, что быть гражданином своей страны — это почетно. Но что же нужно для этого сделать? Любить свою Родину, уважать её законы и традиции, ценить её культуру и трудиться ради её блага. Также школьники получили знания о своих правах и обязанностях.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|