Главная » 2023 » Октябрь » 24 » «Менің Отаным - Қазақстан» тарихи-танымдық экскурсы
16:02
 «Менің Отаным - Қазақстан» тарихи-танымдық экскурсы


Республика күні қарсаңында Шолақсай ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты тарихи-танымдық экскурс болып өтті.  Іс-шараның ақпараттық бөлімінде балалар мерекенің тарихымен, Республиканың рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран туралы ақпараттармен танысты.  Шара барысында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Мемлекеттік мерекелер» ойынына қатысты.  «Қазақстан – Ұлы Дала елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның тарихы, мәдениеті, Қазақ Елінің көрнекті тұлғалары туралы кітаптар қойылды.  Мақсаты: Отанға деген патриоттық, мақтаныш сезімін дамыту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, туған жер туралы кітаптарды оқуға шақыру.

 

В преддверии Дня Республики  в Шолаксайской сельской библиотеке был проведен историко-познавательный экскурс «Моя Родина - Казахстан», с участием учащихся начальных классов. В информационной части мероприятия ребята ознакомились с историей возникновения праздника, о символах Республики – гербе, флаге и гимне, о богатствах нашей республики. В ходе мероприятия учащиеся отвечали на вопросы викторины, приняли участие в игре «Государственные праздники». Была оформлена книжная выставка «Казахстан-страна Великой степи» на которой были представлены книги по истории, культуре и о выдающихся людях Казахстана. Цель: формирование чувства патриотизма и гордости за свою Родину, закрепление знаний о символах РК, призыв к чтению книг о родном крае.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 58 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях