
Раздольный ауылдық кітапханасында 25 Қазан — Республика күніне орай «Менің Қазақстаным — азат елім» атты кітап көрмесі мен ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға Раздольный жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға Республика күнінің мәні мен маңызы, еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері туралы кеңінен әңгімелеп, «Қазақстан — бейбітшілік пен бірліктің Отаны» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізді.
Көрмеде еліміздің тарихы, рәміздері мен тәуелсіздік жетістіктерін насихаттайтын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Іс-шара оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылық сезімдерін нығайтуға бағытталды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|