Главная » 2025 » Июнь » 16 » Мен әкемді үлгі тұтамын
11:59
 Мен әкемді үлгі тұтамын


Дәмді ауылдық кітапханасы мен Күншуақ жазғы сауықтыру тобы бірлесе отырып, Әкелер күніне орай «Әкелермен – бір топтамыз!» ұранымен көңілді спорттық жарыс пен тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді.  Іс-шара аясында ауыл балалары мен әкелері түрлі спорттық ойындар арқылы бірліктерін, ептіліктерін көрсетіп, қызықты әрі әсерлі уақыт өткізді. Сонымен қатар, кітапханада «Мен әкемді үлгі тұтамын» атты әңгіме-диалог сағаты ұйымдастырылды.  Балаларға «Әкеңіздің қай қасиеттерін ерекше бағалайсыз?», «Оның қандай әрекеттері немесе мінез-құлқы сізге шабыт береді?» деген сұрақтар қойылып, шынайы әрі әсерлі жауаптар алынды. Балалар әкелеріне деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеп, жүрекжарды тілектерін арнады.  Іс-шара әкеге деген құрмет пен махаббатты арттыруға, отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталды.

В рамках празднования Дня отца Дамдинская сельская библиотека и летняя оздоровительная группа «Куншуак» совместно организовали весёлые спортивные соревнования и образовательное мероприятие под девизом «Әкелермен - бір топтамыз!». На мероприятии дети и их отцы продемонстрировали своё единство и ловкость в различных спортивных играх, проведя интересное и увлекательное время. Кроме того, в библиотеке был организован час диалога под названием «Мен әкемді үлгі тұтамын». Детям задавали вопросы: «Какие качества вашего отца вы цените больше всего?» и «Какие его поступки или черты характера вас вдохновляют?». Были получены искренние и трогательные ответы. Дети также выразили свою любовь к отцам через рисунки и сердечные пожелания. Мероприятие было направлено на повышение уважения и любви к отцам, а также на укрепление семейных связей.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях