Главная » 2024 » Октябрь » 9 » «Мұғалім - бұл адамның ардақты аты» әдеби қонақжайы
10:27
 «Мұғалім - бұл адамның ардақты аты» әдеби қонақжайы


Дәмді ауылдық кітапханасы «Мұғалім - бұл адамның ардақты аты» атты әдеби қонақжай болып өтті. Іс-шара Дәмді жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары, ұстаздары Тоқаева Рагүл Сүлейменқызы және қазіргі сынып жетекшісі жас ұстаз Болатова Данара Жарасқызымен бірлесе өткізілді. 
Данара Жарасқызы бастауыш мұғалімі болғаны Рагүл Сүлейменқызының талмас еңбегінің арқасы деп түсінеді жас маман. Балалардың кезектесіп қойған сұрақтарына еш қиындықсыз апайлары жауап беріп, бірге өткізген сәттерінен болған деректермен бөлісті. Оқушылары екінші аналары бола білген ұстаздарына жылы лебіздерін білдіре отыра, білімді болуға, болашақта сабақтарын жақсы оқуға уәде берді. 
«Ұлтымның ұлы Ұстаздары» тақырыптық кітап көрмесінде: Ұлы Абай Құнанбайұлының, оқуға жетелеген Ыбырай Алтынсариннің және Ұлт көсемі атанып кеткен Ахмет Байтұрсынұлының  кітаптары оқырман назарына ұсынылды. 
Мақсаты: ұлы тұлғалар да, ғұлама ақындар да білімге деген қызығушылығын осы үлгісі мол ұстаздан алғанын еске салу.

В Дамдинской сельской библиотеке прошла литературная гостиная «Мұғалім - бұл адамның ардақты аты». Мероприятие было проведено совместно с учениками 5 класса, учителями Токаевой Рагуль Сулейменовной и нынешним классным руководителем Болатовой Данарой Жарасовной. 
Данара Жарасовна отметила, что то, что она стала учителем начальных классов, является заслугой труда Рагуль Сулейменовны. На вопросы, заданные детьми поочередно, учителя охотно отвечали и делились воспоминаниями о проведенных вместе моментах. 
Учителя пожелали ученикам быть образованными и хорошо учиться в будущем. 
На тематической книжной выставке «Ұлтымның ұлы Ұстаздары» к вниманию читателей были представлены книги великого Абая Кунанбайулы, Ибрая Алтынсарина и Ахмета Байтурсынова, ставшего лидером нации. 
Цель: напомнить, что интерес к знаниям и великие личности, как поэты и ученые получили именно от учителя.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 9 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях