
Раздольный жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Көнербай Аружан Айбекқызының қатысуымен ауылдық кітапханада «Ұлы ұстаз – қазақ даласына білім шырағын жаққан» атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрме қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналды.
Кітап көрмесінде ағартушының өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ балаларына арнап ашқан мектептері мен жазған еңбектері жайлы мәліметтер қойылды. Оқырмандар назарына «Қазақ хрестоматиясы» еңбегі мен тәрбиелік мәні зор әңгімелері ұсынылды.
Іс-шара барысында Көнербай Аружан Айбекқызы Ыбырай Алтынсариннің «Әкімтай мен жомарт» атты тәрбиелік мәні зор әңгімесін дауыстап оқып, шығарма мазмұнын түсіндіріп берді. Оқушылар шығарма арқылы адамгершілік, жомарттық, адалдық қасиеттерінің маңызын ұғынды.
Көрме жас ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеуге бағытталды. Ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен шығармалары – бүгінгі жас буын үшін мәңгілік тағылым екені айтылды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|