Главная » 2023 » Июнь » 30 » «Ұлттың саз байрағы- домбыра»
14:55
 «Ұлттың саз байрағы- домбыра»


Ұлттық домбыра күні - Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі болды десек артық айтпаспыз. Домбырадан-таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына , сарқылмас қазына, дәстүр табиғатына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Біздің заманымызға қазақ халқының ән-күйлері, жыр дастандары осы киелі домбыра арқылы жеткен.    Науырзым  аудандық кітапхансы Науырзым ауданының білім бөлімінің балалар шығармашылығы үйімен бірлесіп  Ұлттық домбыра күніне  «Ұлттың саз байрағы- домбыра»  атты әдеби музыкалық  салон өткізді. Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу. Жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу. Оқушыларға халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбыра туралы түсінік беру. 
Аталған іс-шараға Науырзым аудандық мәдениет үйінің жас күйшісі Нұрғалиев Ансаған Қ.Ахмедияровтың «Қуаныш» күйімен бастап, балалар шығармашылығы үйінің домбыра үйірмесінің ұстазы Молдәкәрім Төлеби «Ерке сылқым » күйімен аяқтады.    Науырзым ауданының білім бөлімінің балалар шығармашылығы үйінің директоры Әсемгүл Жанболатқызы домбыраны халқымыздың бай «мәдени мұрасының» негізгі символының бірі екендігін атап өтті.  Шақырылған оқушылар  өз ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарқасты.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 109 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях