
Міржақып Дулатов – қазақ халқының рухани оянуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ағартушы, ақын әрі қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметі ұлт санасын жаңғыртуға, білім мен мәдениетті дамытуға бағытталды.
Науырзым аудандық балалар кітапханасы Жамбыл ЖББМ 10-сынып оқушылары мен кітапханашы Кабакова Р.Р.-ның қатысуымен «Ұлт мақтанышы және көсемі» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Бұл шара Алашорда үкіметінің жетекшісі, ұлт азаттығы жолында күрескен қайраткер Мыржақып Дулатовқа арналды.
Кеш барысында ақынның әдеби мұрасы кеңінен талқыланып, оның шығармашылығындағы басты тақырыптар сараланды. Әсіресе, халықты оятуға үндеген алғашқы жыр жинағы «Оян, қазақ!» ерекше назарға алынды. Оқушылар осы жинақтан өлеңдер оқып, олардың мазмұны мен тарихи маңызын талдады. Шара соңында кітап көрмесі таныстырылып, Дулатовтың еңбектері мен ол туралы зерттеулер ұсынылды.
Мыржақып Дулатов – выдающийся просветитель, поэт и общественный деятель, внесший огромный вклад в духовное пробуждение казахского народа. Его творчество и общественная деятельность были направлены на возрождение национального сознания, развитие образования и культуры.
Наурзумская районная детская библиотека в Жамбылской ООШ провела литературно-познавательный вечер «Ұлт мақтанышы және көсемі», организованный с участием учеников 10 класса и библиотекаря Кабаковой Р.Р.
Мероприятие было посвящено лидеру правительства Алаш-Орды, борцу за свободу казахского народа Мыржакыпу Дулатову.
На встрече подробно рассмотрели его литературное наследие и ключевые темы творчества. Особое внимание уделили первому поэтическому сборнику «Оян, қазақ!», призывавшему народ к пробуждению. Ученики прочитали стихи из этого сборника и обсудили их содержание и историческое значение. Завершилось мероприятие обзором книжной выставки, где были представлены труды Дулатова и исследования о его жизни и деятельности.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|