Главная » 2023 » Октябрь » 27 » «Өлкетану-кітапхана қызметіндегі кеңістіктің басты бағыты»
10:47
 «Өлкетану-кітапхана қызметіндегі кеңістіктің басты бағыты»


Науырзым ауданының ОКЖ-нің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханасында 2023 жылдың  26 қазанында аудан,ауыл кітапханаларының кітапханашыларының қатысуымен  «Өлкетану-кітапхана  қызметіндегі кеңістіктің басты бағыты» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында өлке әдебиеттерін оқырмандарға насихаттаудағы бірнеше әдіс-тәсілдері мен жұмыс жолдары баяндамаларымен таныстырлыды. Семинарды Науырзым  ОКЖ директоры Б.Т Таскумбаева  алғысөзімен бастап, құттықтау лебіздерін айтты. «Кітапханада өлкетану ресурстарын рәсімдеудің жаңа тәсілдері» баяндамасымен , презентацияларымен Науырзым  ОКЖ библиографы   Жаксымбетова Ж.К.,  таныстырды. Екінші сұрақ  «Балалар кітапханасындағы өлкетану жұмысы» туралы Қаирбекова С.Т., аудандық  балалар кітапханасының меңгерушісі баяндап берді.  Аудандық қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі С.З.Иманкулова  орталық кітапханадағы «Науырзым:кеше ,бүгін,ертең» өлкетану жобасына  шолу жасап, өлке тарихы тұрғысындағы жоба жұмыстарымен таныстырды. Шилі  ауылдық кітапханысының кітапханашысы Г.С.Бирмаганбетова «Кітапхана қызметі өлкетану аспектінде» кітапханада «Қазына»  жобасы, өлкетану әдебиетін насихаттау, жарнамалау тақырыбында өз тәжірибсімен бөлісті. Сондай-ақ,  Науырзым ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.С.Ерманова «Туған өлке мақтаныштары» атты тақырыпта ауыл тарихы, жергілікті жазушы Темір Тілеміс ұлы, сатирик Бәкіш Айсин жөнінде баяндап,  өткізілген іс-шараларынан  бейне көрсетілімдер көрсетті. 
Кітапхана өлкетану мұражайына   Науырзым ОКЖ әдіскері Л.А.Турлина   «Мұражай - өлке тарихын  сақтау» атты тақырыпта  экскурсия ұйымдастырып,мұражайдағы өлкемізден жиналған экспанаттармен таныстырды.  Семинар соңында кітапханашылар өлкетануды насихаттау жұмысы жөніңдегі ойларын ортаға салса, жұмыстану бағытындағы көзқарастарымен бөлісті.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 94 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях