
Мереке ауылдық кітапханасында «Өлең жырды оқимыз, көңілге оны тоқимыз» атты мәнерлеп оқулары болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге ықпал ету, өлеңді қазақ тілінде оқу арқылы тіл байлығын арттыру.
Шара барысында қатысушылар тақырып бойынша дайындалған кітап көрмесімен танысып, түрлі өлең, әңгімелерді жарыса оқыды.
Кітапханашы шара соңында: «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылу, ой ойлаудан да тыйылу», - деген тұжырымымен қорытындылады.
В Мерекенской сельской библиотеке прошли громкие читки «Өлең жырды оқимыз, көңілге оны тоқимыз».
Цель: формирование у читателей большого интереса к чтению, повышение мотивации к чтению, содействие свободному публичному самовыражению, повышение языкового барьера через чтение стихов на казахском языке.
В ходе мероприятия участники ознакомились с книжной выставкой, подготовленной по теме и прочитали различные стихотворения, рассказы.
В конце мероприятия библиотекарь отметила: «Книга - это духовная заповедь, которую предыдущее поколение передало потомкам. Воздерживаться от чтения книг, воздерживаться от созерцания и развития.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|