11:19 "Корабль доброй воли" | |
Қазір дүние жүзінде мәдени ескерткіштерді сақтауға көп көңіл бөлінуде. Тарихи ескерткіштер мен орындар – қоғамның ең басты меншігі, оларда адамзат тарихы мен дәстүрі сақталады. Отанымыздың және әлемдегі мәдени ескерткіштерді қастерлеу, өткенімізді ұмытпай, болашағымызды дамыту мақсатында жыл сайын 18 сәуірде ескерткіштер мен тарихи орындар күні аталып өтіледі,осы орайда "Корабль доброй воли"атты сенбілік өткізілді. Біздің Шолақсай ауылымызда осындай тарихи орындар мен ескерткіштер бар – бұл 1903 жылы салынған мектеп ғимараты (қазіргі мешіт), тарихи-өлкетану мұражайы, Сталин заманында қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналған стела, Ұлы Отан соғысы кезде қаза тапқан жерлестерге арналған обелиск, Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан жазалаушылардың құрбандарына арналған обелиск. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – болашақ үшін шағын Отанының тарихын сақтау.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |