
Раздольный ауылдық кітапханасында қазақ музыка өнерінің дара тұлғасы, композитор, дирижер, домбырашы – Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Композитор, домбырашы Нұрғиса Тілендиев» атты музыкалық салон өткізілді.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандарына Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолы, өнердегі баға жетпес еңбектері, халық жүрегінен орын алған туындылары жайлы кеңінен ақпарат берілді. Әсіресе, оның «Әлқиса», «Саржайлау», «Ортеке», «Жеңіс салтанаты», «Ата толғауы» сынды шығармалары қазақ мәдениетінің алтын қорына енген туындылар ретінде ерекше аталды.
Шарада оқушылар композитордың күйлерін орындап, оның ұлттық рухты көтеретіндей жүрекке жететін туындыларына тәнті болды. Сонымен қатар, көрмеге қойылған кітаптар мен фотоматериалдар арқылы қонақтар Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алды.
Мақсаты – жастарға ұлттық музыка өнерін таныту, композитордың шығармашылығы арқылы қазақ мәдениетіне деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.
В сельской библиотеке села Раздольное состоялся музыкальный салон под названием «Композитор, домбырашы Нұрғиса Тілендиев», посвящённый творчеству выдающегося деятеля казахского музыкального искусства — композитора, дирижёра, домбриста Нургисы Тлендиева.
В ходе мероприятия читателям библиотеки была представлена подробная информация о жизненном пути Нургисы Тлендиева, его бесценном вкладе в искусство и произведениях, нашедших отклик в сердцах народа. Особое внимание было уделено таким его произведениям, как «Әлқиса», «Саржайлау», «Ортеке», «Жеңіс салтанаты», «Ата толғауы», вошедшим в золотой фонд казахской культуры.
Ученики исполнили кюи композитора и были восхищены его произведениями, проникающими в самое сердце и пробуждающими национальный дух. Также через книги и фотоматериалы, представленные на выставке, гости получили обширную информацию о жизни и творчестве Нургисы Тлендиева.
Цель мероприятия — приобщить молодёжь к национальному музыкальному искусству, повысить уважение и интерес к казахской культуре через творчество великого композитора.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|