Главная » 2025 » Июнь » 16 » «Кітаптағы әкелер—олар қандай»
10:16
 «Кітаптағы әкелер—олар қандай»


«Кітаптағы әкелер—олар қандай»  атты әдеби саяхат. Әкелер күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханада ең қымбат, ең сүйікті адамдарымыз — әкелерге арналған ерекше әдеби шара өтті. Іс-шара мақсаты— балаларға әдеби шығармалар арқылы әкелердің мейірімді, күшті, батыр және қамқор болатынын көрсету, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру және әкеге деген сыйластық пен жылы қарым-қатынас қалыптастыру. Әдеби саяхат барысында балалар мынадай танымал шығармалардағы әке бейнелерімен танысты: — В. Сутеевтің «Алма салынған қап» атты ертегісі арқылы балалар жомарттық пен қамқорлықтың қандай маңызды екенін түсінді; — Ж. Верннің «Капитан Гранттың балалары» шығармасынан әкенің ерлігі, табандылығы мен балаларына деген махаббаты көрініс тапты; — А. Толстойдың «Буратино» ертегісінде шебер Папа Карлоның мейірімді әрі дана әке бола білгені талқыланды; — Сонымен қатар басқа да шығармаларда кездесетін әке рөлдері назардан тыс қалған жоқ. Балалар қызыға тыңдап, өз ойларымен бөлісіп, әкелері жайлы әңгімелеп, сурет салып, тіпті өздерінің «әдеби әкесін» сипаттап көруге тырысты. Бұл әдеби саяхат өте жылы, әсерлі және танымды өтті. Шара балаларға өз әкелерінің де сүйікті кітап кейіпкерлері секілді нағыз батыр екенін ұғынуға көмектесті деп сенеміз! Барша қатысушыларға белсенділік пен жақсы көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Литературное путешествие «Папы в книжках — какие они?» К  Дню папы в Шолаксайской сельской библиотеке прошло увлекательное литературное мероприятие, посвящённое самым любимым и важным мужчинам в жизни каждого ребёнка — папам!  Цель мероприятия — показать детям, какими разными, добрыми, сильными, смелыми и заботливыми бывают отцы в литературных произведениях, развить интерес к чтению и воспитать уважительное и тёплое отношение к папе.  Во время литературного путешествия дети с интересом познакомились с образами пап в известных и любимых произведениях: — вместе со сказкой В. Сутеева «Мешок яблок» малыши узнали о доброте, щедрости и заботе, которые так часто проявляют отцы; — в произведении Ж. Верна «Дети капитана Гранта» ребята увидели пример отцовской отваги, целеустремлённости и безграничной любви, ради которой дети пускаются в опасное путешествие; — в сказке А. Толстого «Золотой ключик, или Приключения Буратино» дети обсудили, каким добрым и мудрым «папой» стал столяр Папа Карло; — также были затронуты и другие произведения, где отец играет важную роль в судьбе героев.
Ребята с удовольствием слушали, участвовали в обсуждениях, делились историями о своих папах, рисовали портреты и даже пытались описать, каким был бы их «литературный папа». Это путешествие стало по-настоящему тёплым, добрым и познавательным. Мы надеемся, что оно помогло ребятам увидеть в своих папах настоящих героев — таких же, как в любимых книгах!


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях