
2026 жылғы 16 ақпан күні кітапханада аумақтық коалиция мүшелерінің кітапхана қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушыларға Ата Заңдағы өзгерістердің негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, ашық диалог форматында пікір алмасу ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлерінің сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Кездесу құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамда Конституция қағидаттарын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|