Главная » 2025 » Апрель » 24 » «Кітап – тарихи қазына» танымдық іс-шара
12:22
 «Кітап – тарихи қазына» танымдық іс-шара


2025 жылдың сәуір айында Раздольный ауылдық кітапханасында «Кітап – тарихи қазына» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оны тарихи мұра ретінде бағалау және рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Шара аясында «Кітап – білім кілті» атты тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып, онда тарихи, әдеби және ғылыми бағыттағы еңбектер оқырмандар назарына қойылды. Қатысушылар көрмеден көптеген тың мәліметтер алып, өзара пікір алмасып, сүйікті кітаптары жайында әңгімелесті.
Шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс білдіріліп, кітапхана қызметкерлері тарапынан ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

В апреле 2025 года в сельской библиотеке села Раздольное прошло познавательное мероприятие под названием «Книга — историческое сокровище». В нём приняли участие местные жители и школьники. Целью мероприятия стало повышение интереса к книге, осознание её значения как исторического наследия, а также популяризация духовных ценностей.
В рамках мероприятия была организована тематическая книжная выставка «Книга — ключ к знаниям», на которой были представлены книги исторического, литературного и научного направления. Участники ознакомились с интересными фактами, обменялись мнениями и рассказали о любимых книгах.
В завершение мероприятия активным участникам были выражены благодарности и вручены поощрительные подарки от сотрудников библиотеки.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях