17:33 «Кітап - ең басты сыйлық» акция-челленджі | |
«Кітап — білім бұлағы, Білім — өмір шырағы!» дегендей, әр адамзат кітапты жиі оқып, білімін арттырғаны абзал. Осы мақалға сүйене отырып, Өлеңді ауылдық кітапханасы «Кітап - ең басты сыйлық» атты акция-челленджін ұйымдастырды. Челленджге ауылдың кішісінен бастап қарттарына дейін белсене қатысты. Ауыл тұрғындары қызығы қанған, оқып біткен кітаптарын жұмыла жинап, бір- бірімен алмасты. Осы сәтті пайдалана, кітапханаға келуге мүмкіншіліктері шектеулі жандарға да кітаптар сыйланды. Акция-челлендж мақсаты: Ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылық, сүйіспеншіліктерін арттыру. Жас-кәрі жандардың білімін жетілдіруге шақыру.
Улендинская сельская библиотека провела акцию-челлендж «Кітап- ең басты сыйлық». В челлендже приняли участие все категории возраста, от самых маленьких до пожилых людей. | |
|
Всего комментариев: 0 | |