Өлеңді ауылының кітапханасы Ұлттық Валюта күніне орай тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Кім миллионер болғысы келеді?» атты конкурс-викторина өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, қаржылық сауаттылықтарын қызықты кітаптар мен ойындар арқылы арттыру.
Іс-шара барысында төл теңгенің тарихы, ұлттық теңгенің айналымға кіруі, оның қалай және кімдер жасағаны туралы мәлімет беріліп, қысқаша бейнебаян көрсетілді. Алғашқы айналымға шыққан теңгелердің сурет көрмесі ұйымдастырылып, қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған кітаптар ұсынылды. Өткізілген іс-шара барысында қызықты сұрақтар қойылып, викториналық сайыс өткізілді.
Қорытындылай келе, іс-шара барысында жас ұрпақ қаржылық сауаттылық туралы мағлұмат алып, алғашқы айналымға шыққан теңге көрмесіне қызығушылықпен қарады. Ақшаны қалай үнемдеп, болашаққа инвестиция жасау тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды.
Ко Дню Национальной Валюты Улендинская сельская библиотека организовала конкурс-викторину под названием «Кім миллионер болғысы келеді?».
Цель мероприятия: воспитать у читателей чувство гордости за достижения нашей Республики как независимого государства и повысить финансовую грамотность с помощью увлекательных книг и игр.
В мероприятии приняли участие постоянные читатели сельской библиотеки. Была предоставлена информация об истории национальной валюты, о том, как и кем был создан наш национальный тенге, и продемонстрировано короткое информационное видео. Была оформлена выставка тенге, впервые выпущенного в оборот, и представлены книги по финансовой грамотности. В конце мероприятия был проведен конкурс-викторина для закрепления информации.
Подводя итоги, в ходе мероприятия читатели получили знания по финансовой грамотности и с интересом ознакомились с выставкой истории валюты, впервые введённой в обращение. Были представлены книги о том, как сэкономить деньги и инвестировать в будущее.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|