Главная » 2024 » Ноябрь » 25 » «Кекілбаев кеңістігі» кітапхана кинозалы
12:01
 «Кекілбаев кеңістігі» кітапхана кинозалы


Дәмді ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кекілбаев кеңістігі» атты кітапхана кинозалы өтті. Атаулы шара барысында жазушының шығармашылық мұрасына, әдеби әлеміне саяхат жасалды.
Кітапхана арнайы бөлінген алаңында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмдер, театрландырылған қойылымдарынан үзінділер және сұхбаттары көрсетілді.
Әдебиет сүйер қауым жазушының шығармаларына қатысты ойларымен бөлісіп, оның кейіпкерлерінің терең философиялық мәнін талқылады. Сонымен қатар, кітапханашы Әбіш Кекілбаевтың туындыларының мазмұны мен тіл байлығы туралы қызықты деректер ұсынды.
Шара аясында кітап көрмесі де оқырман назарына ұсынылды. Көрмеде жазушының танымал романдары, әңгімелер жинақтары, сондай-ақ ол туралы жазылған зерттеулер мен мақалалар орын алды. Әр кітаптың жанында қысқаша аннотациялар мен автордың шығармашылық жолына арналған ақпараттық парақшалар қойылды.
Іс-шараның мақсаты – Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

В Дамдинской сельской библиотеке прошёл кинозал, посвящённый 85-летию классика казахской литературы Абиша Кекилбаева «Кекілбаев кеңістігі». В рамках этого мероприятия участники совершили путешествие по творческому наследию и литературному миру писателя.
В специально выделенной зоне библиотеки демонстрировались документальные фильмы о жизни и творчестве Абиша Кекилбаева, отрывки из театральных постановок по его произведениям, а также интервью с автором.
Любители литературы делились своими мыслями о произведениях писателя, обсуждали глубокий философский смысл его персонажей. Кроме того, библиотекарь представила интересные факты о содержании и языковом богатстве произведений Абиша Кекилбаева.
В рамках мероприятия была организована книжная выставка. На выставке были представлены известные романы писателя, сборники рассказов, а также исследования и статьи, посвящённые его творчеству. Рядом с каждой книгой были размещены краткие аннотации и информационные листы о творческом пути автора.
Целью мероприятия стало популяризация жизни и творчества Абиша Кекилбаева.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях