Главная » 2021 » Ноябрь » 21 » «Көше мейрамы - біздің мейрам»
23:31
 «Көше мейрамы - біздің мейрам»


19-шы қараша күні  аудандық орталық және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Көше мейрамы - біздің мейрам» жобасымен іс-шара өтті. Бұл шара биыл төртінші жыл өткізіліп отыр. Биылғы көше мейрамы қазақ халқының адал перзенті, ұлт мақтанышы, қазақ педагогика ғылымының негізін салушы, қоғам қайраткері және ұлы ағартушы ұстаз - Ыбырай (Ибрахим) Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Ы. Алтынсарин көшесінде жалғасын тапты. Іс-шараға дайындық барысында көше тарихы жайлы мағлұматтар жиналып, тұрғындары жөнінде бейнебаян жасалынды. 
Жұмашевтар  отбасы 1985 жылдан осы көшеде тұрып келе жатқан байырғы тұрғындар. Осы жылдың қазан айында Жұмашев Күлтай ата мен Жұмакүл әженің отау құрғандарына 55 жыл толды. Сонымен қатар жасы 80-ге келсе де әлі күнге дейін Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында жұмыс жасап жүрген Моисеев А. П. тұрады.
 Ы.Алтынсарин көшесін «Көп балалы отбасылар» көшесі деп айтсақ та артық болмайды. Солардың бірі - Шориндар, Масақбаевтар және Темірбаевтар  отбасылары.
Іс -шара соңында жоғарыда аталған отбасыларының әрқайсына сыйлықтар табыс етілді.


 

19 ноября совместно с районной массовой и детской библиотек в рамках программы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», по проекту «Праздник улицы - праздник наш», было проведено мероприятие посвящённое 180-летию со дня рождения И. Алтынсарина. Данное мероприятие проводится уже четвертый год. В 2021 году в честь основателя казахской педагогической науки, общественного деятеля и великого педагога-просветителя Ыбырая (Ибрагима) Алтынсарина.  В ходе подготовки к мероприятию были собраны сведения об истории улицы, а также создан видеоролик о ее жителях. 
Семья Жумашевых проживают на этой улице с 1985 года. В октябре этого года исполнилось 55 лет совместной жизни семье Жумашевых Культай и Жумакуль аже. А так же, здесь проживает Моисеев А. П., который до сих пор работает в Наурзумском государственном природном заповеднике, ему исполнилось 80 лет. 
По улице И. Алтынсарина проживают несколько многодетных семей, как семьи Шориных, Масакбаевых и Темирбаевых.
В конце мероприятия каждому из вышеуказанных семей были вручены подарки и призы. 


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 224 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях