Главная » 2024 » Декабрь » 19 » “Әйел құқығы мен қауіпсіздігі”
10:34
 “Әйел құқығы мен қауіпсіздігі”


Шилі ауылдық кітапханасында “Әйел құқығы мен қауіпсіздігі” тақырыбымен дискуссиялық подиум өткізілді. Мақсаты: қоғамдағы әйел затының рөлін көрсету; қадірін түсіндіріп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс шараға ауыл әкімі Бірмағамбетова Г.Р., әкімшілік, мәдениет қызметкерлері және де ұстаздар қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйеніп, әлемде әрбір үшінші айел зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны туралы айтылды. Сонымен қатар елімізде бейресми статистика әрбір оныншы әйел осы қиындыққа ұшырайтынын көрсетеді. Дискуссия барысында еліміздегі барлық азаматтарға психологиялық,консультациялық көмек берілетіні айтылды. Және де еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Оның басты мақсаты әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілікті күшейтуге, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені айтылып,әңгіме өрбітілді.

В Шилинской сельской библиотеке прошел дискуссионный подиум на тему “Әйел құқығы мен қауіпсіздігі”. Цель: показать роль женщины в обществе, разъяснить ее ценность и предупредить насилие в отношении женщин. В мероприятии приняли участие аким села Бирмагамбетова Г.Р., представители акимата, работники культуры, а также педагоги. Были приведены данные Всемирной организации здравоохранения, согласно которым каждая третья женщина в мире становится жертвой насилия. Также упоминалась неофициальная статистика, показывающая, что каждая десятая женщина в нашей стране сталкивается с этой проблемой. В ходе дискуссии было отмечено, что всем гражданам страны предоставляется психологическая и консультативная помощь. Также было упомянуто, что Президент Казахстана Касым-Жомарт Кемелевич Токаев 15 апреля 2024 года подписал Закон “О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей”. Основная цель данного закона — ужесточение ответственности за любые акты насилия в отношении женщин и детей, укрепление института семьи и обеспечение безопасности несовершеннолетних.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях