Главная » 2024 » Декабрь » 19 » «Естен кетпес асыл бейнең»
10:58
 «Естен кетпес асыл бейнең»


Науырзым аудандық орталық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың  85 жылдығына орай «Естен кетпес асыл бейнең» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың ақын тұлғасы туралы түсініктерін қалыптастыру; оның шығармашылығы арқылы поэзияның сиқырлы әлемін көрсету; ақын-азаматқа, өз Отанының патриотына деген құрмет сезімін тәрбиелеу.  Фариза Оңғарсынова – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұның түгел қамти алды. Поэзия падишасының Отанын, туған жерін, өзі туып өскен өлкенің кешегі мен бүгінгі өмірін, адам еңбегін, әкесі мен анасына деген ұлы махабатын достық пен сүйіспеншілікті жырлады. Қаламгер қазақ әдебиетіндегі жыр тарланы. Кітап көрмесіне ұсынылған қаламгер шығармалары пайдаланушыларға берер тағылымы мол болмақ.

В Наурзумской центральной районной библиотеке к 85-летию Фаризы Онгарсыновой была организована книжная выставка на тему «Естен кетпес асыл бейнең». Цель: формирование у читателей представлений о личности поэта; воспитание чувства уважения к поэту-гражданину, патриоту своей Родины. Фариза Онгарсынова является одним из самых читаемых авторов нашей страны, авторитетным общественным деятелем, инициатором многих творческих проектов. Поэзия Фаризы Онгарсыновой удивительным образом сочетает сильное лирическое начало и гражданственность. Поэтесса воспевала родную землю,  жизнь родного края, человеческий труд, великую любовь к отцу и матери. Произведения писателя, представленные на книжной выставке, будут интересны пользователям.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях