Главная » 2022 » Апрель » 19 » "Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі" сенбілік
11:21
 "Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі" сенбілік


Әлемде «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні» сәуір айының 18-інші жұлдызында атап өтіледі. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Осыған орай Өлеңді ауылдық кітапханасы 
"Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі" тақырыбымен белгісіз солдат ескерткішіне сенбілік жұмыстарын жүргізді. 
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор мәдени мұрамыз.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 198 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях