Науырзым ауылдық кітапханасында қысқы демалыс күндері «Ертегілердің сиқырлы әлемі» атты ерекше әдеби серуен ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – балаларды ертегілер әлемінің тылсымына жетелеп, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, қыс мезгіліндегі табиғаттың таңғажайып өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Іс-шара таза ауада, әсем табиғат аясында өтті. Оған тұрақты оқырмандар қатысып, ертегілерді дауыстап оқып, олардың терең мағынасын талқылады.
Кітап – адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді қалыптастырып, рухани байып, жан-жақты дамуына зор ықпал ететін баға жетпес қазына. Сол себепті баланы кішкентайынан кітап оқуға баулу, оның әдебиетке деген қызығушылығын ояту аса маңызды. Қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық және үлкендерді құрметтеу сынды асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді.
Шара барысында қатысушылар қазақ ертегілерін оқып, олардың мазмұнын жан-жақты талдады. Ертегілердің жамандықтан аулақ болуға, жақсылық жасауға, адалдыққа баулитыны, сондай-ақ қиын сәттерде адамдардың бір-біріне көмек қолын созуы, достық пен бірлік арқасында барлық қиындықтарды жеңуге болатыны түсіндірілді. Шара соңында оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі туындылармен жақынырақ танысты.
В Наурзумской сельской библиотеке в дни зимних каникул состоялась удивительная литературная прогулка под названием «Ертегілердің сиқырлы әлемі». Основной целью мероприятия было погружение детей в волшебный мир сказок, создание праздничного настроения, расширение знаний о зимних природных явлениях и воспитание любви к окружающему миру.
Мероприятие проходило на свежем воздухе, в живописной атмосфере зимней природы. Участниками стали постоянные читатели библиотеки, которые читали сказки вслух, делились своими впечатлениями и обсуждали их глубокий смысл.
Книга – это бесценный источник, воспитывающий в человеке лучшие качества, способствующий духовному и личностному развитию. Именно поэтому так важно с раннего возраста приучать детей к чтению и пробуждать у них интерес к литературе. Через книги постепенно формируются такие добродетели, как скромность, честность, уважение к старшим, доброжелательность и стремление к справедливости.
Во время мероприятия дети читали казахские сказки, обсуждали их сюжеты и делали выводы о том, как важно избегать зла, творить добро, быть честным и приходить на помощь другим в трудные моменты. Также отмечалось, что благодаря дружбе и единству можно преодолеть любые жизненные испытания. В завершение прогулки участники поделились своими мыслями и с увлечением ознакомились с книгами на специально организованной выставке.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|