Главная » 2026 » Январь » 19 » «Ертегілер әлеміне саяхат»
13:41
 «Ертегілер әлеміне саяхат»


Қыс мезгілі келгенде балаларды қысқы ертегілерсіз елестету мүмкін емес! Кітапхана оқырмандарды ертегілердің сиқырлы әлемімен танысуға шақырды. Осы күні балаларға арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» атты дауыстап оқу шарасы өтті.
Кітапханашымен бірге балалар қысқы ертегілердің ғажайып әлеміне саяхат жасады. Балалармен кезек-кезек оқып, ағайынды Гриммдердің «Қар ханшайымы», «Метелица ханым» және басқа да ертегілермен танысты. Әр ертегіні оқып болған соң, балалар шығармалар туралы өз ойларымен қуана бөлісті, өйткені ертегілер кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалап, олардың қателіктерінен сабақ алу үшін жазылады.
Балалар ертегілерді және олардың кейіпкерлерін жақсы білетіндерін көрсетті. Дауыстап оқу шарасы балаларға тек көңілді уақыт өткізуге ғана емес, сонымен қатар кітаптар әлемінен көп жаңа әрі пайдалы мәлімет алуға және жаңа әдеби кейіпкерлермен танысуға мүмкіндік берді. Дауыстап оқу – сөйлеу тілін дамытудың ең тиімді жаттығуларының бірі.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях